УНИВЕРСИАДА АЛТЫНЫ — МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРІНІҢ ҚОРЖЫНЫНДА!
22.05.2025
Түркістан қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының XIII жазғы Универсиадасында Марғұлан университетінің студенттері жеңіл атлетика бойынша керемет нәтиже көрсетіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті!
Бар болғаны екі күн ішінде спортшыларымыз бірнеше жүлделі орын иеленіп, эстафеталарда екі мәрте жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына көтерілді.
Бірінші күнгі жетістіктер:
4×100 м әйелдер эстафетасы — 1-орын
Жеңімпаздар құрамында: Карина Рахимова, Диана Трофименко, Кристина Ермола, Александра Залюбовская
Жеке жарыстардағы жетістіктер:
• Диана Трофименко — 400 м, 1-орын
• Анастасия Цвиркунова — 400 м, 3-орын
• Адиль Омарбеков — 400 м (ерлер), 1-орын
• Максим Миронов — 400 м (ерлер), 2-орын
• Кристина Ермола — 100 м, 2-орын
• Карина Рахимова — 100 м, 3-орын
Екінші күнгі жеңістер:
• Кристина Ермола — 100 м кедергілермен, 1-орын
• Александра Залюбовская — 200 м, 1-орын
• Карина Рахимова — 200 м, 2-орын
• Анастасия Цвиркунова — 800 м, 3-орын
• Диана Трофименко — 400 м кедергілермен, 3-орын
Ерлер арасында:
• Максим Миронов — 200 м, 2-орын
• Адиль Омарбеков — 400 м кедергілермен, 2-орын
Эстафеталық жарыстағы жеңістер:
Әйелдер командасы (Карина Рахимова, Анастасия Цвиркунова, Диана Трофименко, Александра Залюбовская) — 4×400 м эстафетасы, 1-орын
Ерлер командасы (Максим Миронов, Макар Нұркенов, Самир Қасқырбай, Адиль Омарбеков) — 4×400 м эстафетасы, 1-орын
Марғұлан университеті өз жеңіл атлеттерін мақтан тұтады!
Олар университет атынан республикалық деңгейде лайықты өнер көрсетіп, оқу ордамыздың мерейін үстем етті.