ШЕБЕРЛЕРІМІЗ КӨРМЕГЕ ӨЗ ӨНІМДЕРІН ҰСЫНДЫ!
18.03.2022
Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Наурыз мейрамын тойлау аясында «Қазақ халқының көл өнері» атты этникалық көрме өтуде.
Этникалық көрменің «Ата кәсіп ұрпаққа аманат» секциясында Павлодар педагогикалық университетінің көркемсурет зертханасының меңгерушісі Сыдықов Мелжан Рахымсейітұлы студенттермен бірге ағаштан бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Өнер және спорт жоғары мектебінің эксперт-ұстазы Дәулетова Индира Ғаділбекқызы университет студенттерінің қолынан шыққан ұлттық киімдерді көпшілік назарына ұсынды.
К-рмеде күнделікті өмірге және шаруашылыққа қажетті заттар, кесе, астау, музыкалық аспаптар, түрлі сандықтар, зергерлік әшекейлер, ұлттық киім, жүн мен киізден жасалған бұйымдар және т.б. ұсынылған.
Аталмыш көрменің бірегейлігі экспонаттардың витриналарсыз ұсынылуында. Көрмеге қатысушы әрбір көрермен түгелдей барлық өнімдерді қолымен ұстап, оны зерттеп, жан-жағынан қарастыра алады.
Қазақ халқының қолданбалы өнері ұлттық мәдениеттің баға жетпес қазынасын құрайды. Табиғаты тұрғысынан дархан көңіл мен оптимистік көзқарасты паш ететін бұл өнер талантты шеберлердің бірнеше ұрпағы құрған ежелгі дала мәдениетінің ғасырлық дәстүрлері мен терең символдық бейнелерін көрсетеді.
Халық шеберінің әрбір бұйымы - бұл ұлттық болмыстың тәжірибелік, көркемдік және рухани жағының өзіндік синтезі, дейді ұйымдастырушылар.