ППУ ӨКІЛДЕРІ АТЫРАУЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
19.05.2022
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, батыс өңіріндегі Атырау және Маңғыстау облыстарының түлектеріне қосымша гранттар бөлінетін болды. Бұл аталған аудандардың түлектеріне таңдаған мамандығы бойынша сапалы білім алуға тағы бір зор мүмкіндік.
Қазіргі уақытта Павлодар педагогикалық университетінің өкілдері Атырау және Маңғыстау облыстарының білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
18 және 19 мамырда Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Ермек Ғабдулин Атырау облысының аудан орталықтары мен ауылдарында болып, ұстаздармен, түлектермен және олардың ата-аналарымен кездесті. Бүгінге дейін Атырау және Құлсары қалаларында кездесулер өтті.
Кездесу барысында Ермек Серікұлы мектеп оқушыларына университетке түсудің шарттары, білім беру бағдарламалары, оқытушылар құрамының жоғары деңгейі, мықты материалдық-техникалық базасы, студенттердің өзін-өзі басқару мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Жастармен кездесу барысында ол біздің университетке түсуге қатысты түлектерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді, толық ақпарат алу үшін жоғары оқу орындарының байланыс деректерімен бөлісті.