ҮШ БУЫННЫҢ КЕЗДЕСУІ
14.04.2022
Павлодар педагогикалық университетіне Павлодар қалалық білім беру бөлімінің басшысы Самал Айтқазина, Павлодар қаласының №6 орта мектебінің директоры Сәлима Қалиасқарова, №14 орта мектебінің директоры Асхат Сачанов, №17 орта мектебінің директоры Роза Досанова, №24 орта мектебінің директоры Нұргүл Рахымғожина, №28 орта мектебінің директоры Гүлмира Мантықова, №34 мектебінің директоры Болат Айғожин, №36 мектебінің директоры Зәуреш Ахмадова, №37 орта мектебінің директоры Ләйлә Жүсіпова, Кенжекөл орта мектебінің директоры Сандуғаш Ақылжанова, М.Әуезов атындағы орта мектеп директоры Ирина Тургульдиновалар келіп, университеттің 2-3 курс студенттерімен кездесті. Сонымен қатар, жас мамандар да болды. Яғни, үш буынның өкілдері бас қосты: педагогика саласында мол тәжірибесі бар ұстаздар, жас мамандар және студенттер.
ППУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі проректор О.К.Андрющенко қонақтарға керемет көздесу өткізіп, студенттерге жақсы кеңес бергені үшін алғысын білдіріп, барша ұстаздар мен студенттерді университеттің 60 жылдығымен құттықтады.
Кездесу барысында педагог мәртебесін көтеру, заманауи мұғалімге қойылатын талаптар және жас мамандар үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері көтерілді. Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Самал Айтқазинаның сөзінше, қалалық мектептерде 450-ден астам жас педагогтар жұмыс істейді. Олардың өз мамандықтарына тез бейімделуіне көмек беретін тәлімгерлер бекітілген.
№14 мектеп директоры Асхат Сачановтың сөзінше, Павлодар облысының білім беру саласы ұзақ жылдар бойы алдыңғы орындардан түспей келеді. Осының барлығы ұстаздардың басты ордасы – Павлодар педагогикалық университетінің сапалы қалыптасқан жүйесінің нәтижесі. Яғни, университет пен мектептер арасында ежелден қалыптасқан тығыз байланыс бар. Ол біздің болашақ ұрпақтың игілігі үшін үздіксіз жалғаса бермек.
Сондай-ақ, экология бағытындағы №36 орта мектеп директоры Зәуреш Ахмадова өзінің педагогикалық қалыптасу тәжірибесімен бөлісіп, білім саласының бұрынғысы мен бүгінгі жағдайын салыстырды. Яғни, бүгінгі таңда ҚР Президенті мен ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың білім беру саласын айрқша қолдауының арқасында сапалы білім беруге барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Ал жас мұғалімдер мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы айтып, мұғалім боламын деген адамға барлық жағдай жасалатынын жеткізді. Сонымен қатар, әр мектеп туралы презентация және шағын видеороликтер көрсетілді.