СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУІ
20.04.2022
Педагогика жоғары мектебінде Ғылым онкүндігі аясында «Менің студенттен ғалымға дейінгі жолым» атты дөңгелек үстел өтті. П.ғ.д., профессор Айгерім Қажымұратқызы Нұрғалиева, п.ғ.к. профессор Маржан Ахметкәрімқызы Кененбаева, п.ғ.к., профессор Ботагөз Ғабдоллақызы Сәрсенбаева іс-шараның құрметті қонақтары болды.
Нұрғалиева Әйгерім Қажымұратқызы 1985 жылдан бері Павлодар педагогикалық университетінде профессор қызметін атқарып келеді. Аға оқытушыдан Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының психологиялық-педагогикалық факультетінің деканына дейін өтті. Ұзақ жылдар бойы аспиранттар мен ізденушілерге, докторанттарға, магистранттарға сабақ беріп, жетекшілік етеді. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Біріккен диссертациялық кеңесінің мүшесі болды.
Кененбаева Маржан Ахметкәрімқызы – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының профессоры университетте 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтілі 45 жыл, оның 25-і ғылыми-педагогикалық. Математикадан оқу-әдістемелік құралдардың авторы, түрлі халықаралық конференциялардың қатысушысы, жүлделі орындарға ие болған оқушыларды Республикалық олимпиадаларға дайындаудың жетекшісі.
Профессор Сәрсенбаева Ботагөз Ғабдоллақызы ғылыми қызметін 1994 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика» кафедрасында бастады. 2004 жылы кандидаттық диссертациясын жоғары деңгейде қорғады. Ботагөз Ғабдолқызы жоғары оқу орындарында оқытушы, аға оқытушы, кафедра доценті, жалпы психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта Педагогика жоғары мектебінің профессоры. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2015» атағының иегері. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі, Факультетті интернационалдандыру комитетінің төрайымы қызметін басқарды.
Ғалымдар жастарға студенттік шақтары, мамандық таңдауы, Павлодар мемлекеттік университетіне апарған педагогикалық жолы туралы айтып берді. Ұстаздар студенттік жылдардағы, конференциялардан, кездесулерден, олимпиадалардан естелік суреттерімен бөлісті. Олар кәсіби қызметке байланысты өмірден қызықты фактілер туралы айтты.
Студенттер профессорларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Құрметті ғалымдарымыз бірінші курс студенттерімен қоштаса отырып, оларға шығармашылық табыс пен алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірді.