Перейти к содержимому страницы.

М.ЖҮСІП АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

02.12.2024

Марғұлан университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы қала мектептерімен тығыз байланыс орнатып, бірлескен жоспар бойынша жұмыс жасауда. Мақсаты - мектептар мен жоғары оқу орын арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, студенттік ғылыми үйірмесінің жұмысын тиімді ұйымдастыру және мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын іске асыру.
29 қарашада аталған білім беру бағдарламасының студенті, «Ізденіс» студенттік ғылыми үйірменің мүшесі А.Мұқанова мен оқытушы-сарапшы Шынаргүл Байжекина М.Жүсіп атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10,11-сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында Аяулым «Көпшілік алдында сөз сөйлеу» тақырыбында тренинг өткізіп, дебаттық турнирлерге қатысуда жинаған тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Марғұлан университетінде студенттерге жасалған жағдайлар, ректордың грантын алу мүмкіндіктері жайлы айтты.
Шынаргүл Сансызбайқызы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, Педагогика жоғары мектебінің білім беру бағдарламаларына оқуға түсуге шақырды.