ВИЦЕ-МИНИСТР КАМИЛЬ АҚАТОВ МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ
21.07.2023
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов өңірге жұмыс сапары аясында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетіне келді.
Марғұлан университетінің ректоры Жанбол Жилбаев Камиль Ақатовты оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, оқу орнында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды. Министр ғимараттарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын аралап көрді, жатақхана мен оқу корпустарының, зертханалар мен оқу кабинеттерінің жай-күйі мен дайындығын тексерді.
Камиль Ақатов университеттегі жоғары мектептерінің тыныс-тіршілігімен танысып, заман талабына сай жабдықталған оқу кабинеттері мен зертханаларды аралап көрді.
Вице-министр қазақстандық студенттермен бірге әртүрлі елдерден келген шетел азаматтары, этникалық қазақтар тұратын жайлы Студенттер үйінде болды. Ол компьютерлермен, кітапханамен, түрлі үстел ойындарымен жабдықталған коворкинг орталығының жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Университет студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға, олардың оқудағы ауыр күннен кейін демалуға және қалпына келуге ыңғайлы кеңістік құруға үлкен көңіл бөлуі өте маңызды», - деді Камиль Ақатов.
Вице-министр университеттің 6 спорт залы – ойын, гимнастика, күрес, жалпы дене шынықтыру, теннис, сондай-ақ 2 спорт залы, 25 метрлік бассейн, заманауи спорт алаңдары бар спорттық-сауықтыру кешенін аралады.
Марғұлан университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінің Қазақстан Республикасының көрнекті чемпиондары мен спорт шеберлерін дайындаудағы бай дәстүрлері бар. Студенттер түрлі деңгейдегі спорттық жарыстардың жеңімпаздары атанып, әлемдік деңгейде ел намысын қорғап жүр.
«Осындай мықты оқытушылар мен спортты дамыту және студенттердің демалысын қамтамасыз ету үшін жақсы жабдықталған спорт базалары кез келген университетте бола бермейді. Марғұлан университетінің осы саладағы оң тәжірибесі үлгі бола алады», – деді Камиль Ақатов.
Павлодар педагогикалық университеті – еліміздегі жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының бірі. Құрылған жылдардан бастап, университет білім беру саласы мен экономиканың түрлі салалары үшін 40 мыңнан астам білікті мамандарды дайындады.