ВЕНГРИЯНЫҢ ШОПРОН УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
20.10.2025
2025 жылғы 13 қазан мен 17 қазан аралығында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Алия Садуқызы Жолдабаева аталған университеттің шақыруымен Венгрияның Шопрон қаласындағы Шопрон университетінде академиялық ұтқырлықта болды.
Аталған кезеңде Алия Садуқызы педагогикалық факультеттің басшылығымен – факультет деканының орынбасары доктор Река Кушнe Замбошки және Erasmus пен халықаралық алмасу бағдарламаларының жетекші үйлестірушісі Tamas Nemeth-пен кездесті. Кездесу барысында екі университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының академиялық ұтқырлығы, Марғұлан университетінің докторанттарына бірлескен жетекшілік және үйлестіру, сондай-ақ ғылыми мақалаларды бірлесе жазу мәселелері талқыланды.
Алия Садуқызы педагогикалық факультет студенттеріне «Enhancing the Motivation in the Learning of the English Language» («Ағылшын тілін үйренуде мотивацияны арттыру») тақырыбында дәрістер оқыды. Сонымен қатар, ол осы семестрде Шопрон университетінде академиялық ұтқырлық бойынша білім алып жатқан «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттерінің сабақтарына қатысты. Бұл студенттер қатарында үшінші курстың төрт және екінші курстың бір студенті бар.
Алия Сәдуақасқызының Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы туралы жасаған таныстырылымы Шопрон университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының және бакалавриат пен магистратура студенттерінің зор қызығушылығын тудырды.
Жолдабаева А.С.-ның Шопрон университетінде өткен «International Welcome Event» халықаралық іс-шарасына қатысуы екі университет арасындағы болашақтағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосады.