Перейти к содержимому страницы.

МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕРЛІГІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ

05.05.2022

Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасының оқу залында Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Кеңес Одағының батырыт Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған «Жеңістің анасы боламын...» атты тақырыптық кеш өткізді. Мәншүк Қазақстаннан Кеңес Одағының батыры атағын алған (қайтыс болғаннан кейін) бірінші әйел болды.

21 жасында Калинин облысындағы Невель қаласын фашистік басқыншылардан қорғап, оны қорғау кезінде оқ сынықтарынан қаза тапты.

Іс-iара барысында М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж студенттері Мәншүктің өмірі мен ерлігімен танысты. Жиналғандар назарына слайд-презентация ұсынылып, Мәншүктің майдандық өмірінен шағын эпизодтың қойылымы көрсетілді.

Колледж студенттері Канавец Ангелина, Фарида Мугдинова өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Өнер және спорт жоғары мектебінің 1 курс студенті Сағындықова Әлия замандастарының айтуы бойынша Мәншүктің өте жақсы көрген «Қараторғай» әнін орындап берді.

Кеш соңында кітапханашы Фатима Мусина оқырмандарды қатардағы жауынгер Мәншүк туралы Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың қызықты естеліктерімен таныстырды.