Перейти к содержимому страницы.

ВАЛЕНТИНА АЛИЯСОВА «ERTIS» ТЕЛЕАРНАСЫНДА «ҚАЗДАРДЫҢ ҚАЙТУЫН» САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ ЖАЙЫНДА ОЙ БӨЛІСТІ.

09.06.2026

Марғұлан университетінің қауымдастырылған профессоры, мәдениеттану ғылымдарының кандидаты Валентина Алиясова «Ertis» телеарнасындағы «Первая студия» бағдарламасының қонағы болды.

Эфир барысында Павлодар өңірінің бірегей табиғи және палеонтологиялық ескерткіші — «Қаздардың қайтуын» сақтау мәселесі талқыланды. Ғалым нысанның ғылыми, тарихи және мәдени маңызына тоқталып, оны зерттеу мен болашақ ұрпаққа жеткізу бағытындағы өз көзқарасын ортаға салды.

Бағдарламада сондай-ақ табиғи мұраны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өңірдің тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу мәселелері де қозғалды.