СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕ АСПАЗДАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
18.02.2022
Павлодар педагогикалық университетінің Студенттер үйінде жоғары оқу орындарының командалары арасында аспаздық шеберлік байқауы өтті.
Байқауды ұйымдастырулары - университеттің Жастар саясаты департаментінің қолдауымен студенттер уйлерінің старостаты.
Байқау шарты бойынша қатысушылар палау пісіріп, дайындалған тағамы эстетикалық талаптарға сай және керемет дәмге ие болуы керек еді. Палау пісіру өнерінен барлығы бес команда бақ сынады.
Барлық қатысушылар өздерінің ерекше рецепті бойынша бар өнерлерін ортаға салып, хош иісті, дәмді палау әзірледі. Әр команда өздерінің аспаздық туындыларының презентациясын дайындап, оны қатаң қазылар алқасының алдында қорғады.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Болат Құдайбергенұлы аспаздық байқауды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді. Мұндай шаралар студенттік өмірді көңілді, қызықты етіп, студенттер ұжымын біріктіретінін атап өтті. «Студенттік өмір осындай қызықты сәттерімен есте қалады. Өйткені, ең дәмді палау – студенттер жатақханасында достарымен бірге дайындалған палау», - деді ол.
Көңілді, қызықты аспаздық жекпе-жекте Гран-приді М.Қанапиянов атындағы Жоғары колледжінің “Калорийная 4К” командасы жеңіп алды.
Бірінші орын Педагогика жоғары мектебінің «Макарена» командасына бұйырды.
Екінші орында Өнер және спорт жоғары мектебінің "Палау" командасы. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Дастархан» командасы құрметті 3 орынды иеленді.
«Ең креативті ұжым» номинациясы бойынша Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Тәтешка» командасы марапатталды.
Жарысқа демеушілік жасаған @redmoon_sushi_pavlodar, сонымен қатар университет қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз!