Перейти к содержимому страницы.

ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТӘЖІРИБЕДЕН БАСТАЛАДЫ

12.02.2025

Әлкей Марғұлан атындағы павлодар педагогикалық университеті «Көркем еңбек, графика және жобалау»  білім беру бағдарламасының бірінші және екінші курс студенттері «Мұғалім мамандығына кіріспе»,  «Психологиялық-педагогикалық бағалау», «Психологиялық-педагогикалық»  педагогикалық практикаларын сәтті аяқтады. Олар екі аптада аралығында жасалған жұмыстарының нәтижелерін қорытынды конференцияда ұсынды. Студенттер қаланың бірнеше мектептерінде: № 22, 25, Жұмабек Тәшенев атындағы, М.Әуезов атындағы, Шапық Шөкин атындағы гимназия-мектебінде тәжірибеден өтті. 

Практика барысында студенттер мектеп іс-шараларына және бекітілген  сыныппен тығыз жұмыс атқарып, оқушыларға және сынып ұжымына мінездемелер дайындап, бақылау парақтарын толтырды. Практиканттардың жұмысын бағалауға арналған қорытынды конференцияда білім беру бағдарламасының практика бойынша комиссия мүшелері мен практика жетекшілері - Ф.А.Қорабаева, А.И.Жұматаева және П.Н.Балташева студенттердің жұмыс нәтижелерін  бағалады.