Перейти к содержимому страницы.

«ҰСТАЗ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

04.12.2025

4 желтоқсан 2025 жылы Арқалық қаласы, Алтынсарин университетіне Республикалық «Ұстаз - ұлт болашағы» форумы өтті. Осы форумға Марғұлан университетінің студенттері қатысып аса белсенділік көрсеттік.

Осы тақырыпта студенттеріміз жоба қорғап сертификат, диплом, номинациялармен марапатталды.

ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі мен
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалык университеті бірлесе ұйымдастырған Республикалық «Ұстаз - ұлт болашағы» форумында Ыбырай Алтынсарин жолын жалғап, ағартушылық рухын сақтаған белсенді қатысушылар Серікұлы Ерасыл «Ізгілік елшісі» номинациясымен, Ануарова Аян, Рахымжанова Бибатыма «Ыбырай шығармашылығын насихаттаушы» номинациясымен марапатталды.

Кішкентай Арқалық қаласына барған сапарымызды ерекше, жылы естелік етіп қалдырған кең жүректі, қонақжай Алтынсарин университетінің студенттеріне алғысымызды білдіреміз!

Бізге, студенттеріне қолдау білдіріп осы іс сапарға жіберген Марғұлан университетіне алғыс айтамыз!