Перейти к содержимому страницы.

ҰРПАҚ ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚ САБАҚТАСТЫҒЫ

17.03.2026

17 наурыз күні Қазақстанда Наурызнама онкүндігі аясында «Шаңырақ күні» — отбасы мен ұрпақ сабақтастығын дәріптейтін ерекше мереке атап өтілуде.

Осы атаулы күнге орай Марғұлан университетінде мазмұнды әрі әсерлі кездесу өтті. Шара қонағы — Павлодар облыстық «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилова болды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, отбасы құндылықтары, ананың қоғамдағы рөлі, жастар тәрбиесі мен ұлттық дәстүрлерді сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына шынайы жауап берді.
Студенттер де белсенділік танытып, пікір алмасуға қатысып, өз көзқарастарын білдірді.

Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығының маңызын айқындап, ұлттық құндылықтардың өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдейді.