Перейти к содержимому страницы.

УНИВЕРСИТЕТТЕ РЕВАКЦИНАЦИЯ ӨТУДЕ

27.01.2022

Павлодар педагогикалық университетінде профессорлық-оқытушылық құрам мен ЖОО қызметкерлері ревакцинация алды.

Павлодар педагогикалық университетінде ревакцинация науқанын Павлодар Ертіс өңірінде өзін жақсы жағынан көрсеткен "Данель" медициналық-диагностикалық мекемесінің қызметкерлері жүргізеді.

Айта кету керек, бұл жұмыстардың барлығы жақында университет жанынан ашылған Студенттік емханада жүргізіледі. Қазіргі уақытта ревакцинация науқаны қызу жүріп жатыр.

Дәрігерлер вакцинаны міндетті түрде алуға кеңес береді, өйткені қазіргі уақытта аймақтағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Вирус жұқтырған адамдардың саны артып келеді, күн сайын 900-ден астам адам жұқтырады. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Павлодар облысы бұрынғысынша "қызыл аймақта" тұр.

Дәрігерлер эпидемияны тоқтатудың жалғыз жолы-вакцинация екенін айтады. Рәсімдерді жүргізу кезінде барлық санитарлық талаптар толық сақталады.

Вирустың таралуын болдырмау мақсатында ревакцинация бекітілген кесте бойынша кезең-кезеңімен жүргізіледі. Әр мұғалім, қызметкер, студент әр уақытта вакцинацияланады.