Перейти к содержимому страницы.

Университетте "Ashyq" қосымшасын қолдану енгізілді

01.06.2021

Қазіргі карантин жағдайында коронавирустық инфекцияны таратпау мақсатында мемлекет тарапынан қоғамдық орындарды қауіпсіз етудің түрлі жүйелері мен әдістері енгізілуде. Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша деректерді бақылау және талдау үшін "Ashyq" қосымшасын әзірлеп шығарды. Бұл қосымша еліміздің бизнес саласына қатысты орталықтарда, мемлекеттік мекемелерде қолданысқа кіруде.

"Ashyq" қосымшасын қолдану университет жүйесіне де енгізілді. Мобильді қосымшаны пайдалану оңай, әрі тиімді. Ең алдымен, қосымшаны телефонға App Store немесе Play Market арқылы жүктеу керек. Одан әрі телефон нөмірі бойынша тіркеліп, ЖСН енгізу және объектінің QR-кодын сканерлеу қажет.

Қосымшада қызыл, сары, көк және жасыл күйлерге бөлінетін тәуекел дәрежесі көрсетілген.

Қызыл мәртебе қозғалыстың шектелуін, амбулаторлық бақылауда тұрған адамдар үшін үйден оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді.

Сары – қозғалыстың ішінара шектелуі - қолданушы ПТР базасында контакт ретінде белгіленеді: азық-түлік және құрылыс дүкендеріне, дәріханаларға баруға пациент үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспауға рұқсат етіледі.

Көк – бұл мәртебе үшін ПТР тапсру міндетті орындарды есепке алмағанда, қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ.

Жасыл мәртебе қозғалысқа шектеулер жоқтығын білдіреді және бұл пайдаланушы деректер базасында COVID-19 теріс нәтижесімен ПТР тестілеуден өткен деп көрсетілген.

Егер адамда смартфон болмаған жағдайда қосымшада келушілерде ЖСН немесе жеке куәліктегі штрих кодты сканерлеу арқылы келушінің мәртебесін тексере алатын қызметкерлерге арналған функция бар.

Айта кетсек, "Ashyq" мобильді қосымшасы республика бойынша ағымдағы жылдың 17 қаңтарында іске қосылған болатын. 26 сәуірден бастап пилоттық жоба барлық өңірлерге таралды. Оның ішінде Павлодар қаласы да бар. Жергілікті бизнес, қоғамдық тамақтану объектілері бұл сервисті толықтай сынақтан өткізуде.

Мобильді қосымшаны пайдалану бойынша түсініксіз сұрақтар туындаған жағдайда 1414 нөмірі бойынша саll-орталыққа хабарласуға болады. Сонымен қатар, университет профилінің әлеуметтік желілерінде "Ashyq" қосымшасын қолдану туралы толық ақпарат бар. 

ashyk

Көк – бұл мәртебе үшін қозғалысқа шектеулер жоқ, тек ПТР міндетті орындарды қоспағанда.