Университетіміздің оқытушысы «Deutsch im Herzen» байқауының жеңімпазы атанды!
27.12.2021
«Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Мейрамгүл Рамазанова II-Республикалық «Deutsch im Herzen» байқауының финалисті атанды.
Мейрамгүл Абайқызы эссе жазу номинациясы бойынша үздік атанды. Эссе «Wenn das Coronavirus reden könnte ...» тақырыбына, коронавирустың қоғамға қалай әсер еткені, бұл өзгерістердің адамдардың менталитетіне қалай байланысты екендігі, адамдар қиын жағдайға қарамастан, қиыншылықта бір-біріне қалай көмектескені туралы болды.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен салтанатты шараға үздік туындылардың авторларының қатарында Мейрамгүл Абайқызы шақырылды.
Жұмыстарын сәтті қорғаған қатысушылар естелік сыйлықтармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Финалға қатысушылар үшін неміс халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінің элементтері бар неміс тілінде қызықты семинарлар ұйымдастырылды.
«Deutsch im Herzen» республикалық байқауы студенттерге үлкен мүмкіндіктер ашатын неміс тілін Қазақстанда кеңінен насихаттауға бағытталған. Гете институты және басқа да қоғамдық ұйымдар мен қорлар барлық мамандықтардың студенттері үшін көптеген стипендиялық бағдарламаларды ұсынады.
Айта кетейік, 2019 жылы Мейрамгүл Абайқызы осыған ұқсас Бүкілресейлік байқауға қатысып, финалист болды.