УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
21.10.2022
Павлодар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор кезекті рет оқу ордасының белсенді студенттерімен кездесті.
Жиында жастардың қатысуымен атқарылып жатқан жұмыстар легі талқыланды. Жанбол Жилбаев өз сөзінде студенттердің қоғамдық шараларға белсенді араласуы үшін қолайлы жағдай жасалып жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, түрлі республикалық маңызы бар мерекелердің ұйымдастырылуына ат салысып жүрген жастарға ыстық ықыласын білдіріп, бастамаларына оң баға берді.
Университет магистранты, «Жасыл ел» жұмыс жасағының Павлодар облысы бойынша филиалының төрағасы Русана Самекова Павлодар педагогикалық университетімен бірге жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан шаралардың көптігін алға тартты.
Соның бірі, әрі бірегейі 25-қазан Республика күніне орай түсірілген эко челлендж. Естеріңізге салып өтейік, «Жасыл ел» жасағы мен аталмыш білім ордасы күні кеше университет ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, «жерге деген сүйіспеншілікпен» атты науқан ұйымдастырған болатын.
Басқарма төрағасы-ректор Жанбол Октябрұлы осындай кездесулерді жиі ұйымдастырып тұру керектігін айтты. Алдағы уақытта галстуксыз кездесулер еркін форматта тағы өткізілетін болады.