«Университет - мектеп»
14.05.2021
Павлодар педагогикалық университеті мен Павлодар облысының білім басқармасы арасындағы ынтымақтастық аясында 2021 жылы 13 мамырда Инновациялық білім орталығы ұйымдастырған «Географиялық зерттеудің картографиялық әдісі» атты кезекті онлайн-семинар өткізілді. Семинарға қатысушылар спикер Смайлов С.Ш.-А., г.ғ.к. ұсынған материалдарына жоғары баға берді.
География мұғалімдері, олардың арасында басым көпшілігі ППУ түлектері шектеу шаралары жойылғаннан кейін семинардың практикалық бөліміне қатысуға ниет білдірді.