Перейти к содержимому страницы.

«Университет - мектеп»

23.04.2021

Павлодар педагогикалық университеті мен білім беру басқармасы арасындағы ынтымақтастық әр түрлі формада жүзеге асырылады және кеңейе береді. Бүгін облыстағы мектептердегі география мұғалімдері үшін «Топографиялық картаны қолдану арқылы жер бедерін зерттеу әдістері» тақырыбында семинар өткізілді. Оған 80-нен астам адам қатысты, олардың көпшілігі ППУ-ды бітірген, өз мамандығына адал, жетекші мұғалімдер. Білім берудің инновациялық орталығы интерактивті режимде өткен семинардың ұйымдастырушысы болды. Кездесуге қатысушылар семинарды ұйымдастырушыларға және оның жүргізушісі ППУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры, PhD докторы Смайлов Сейфулла Шай-Ахметұлына маңызды ақпараттық материалдары үшін алғыс білдіріп, осындай бірлескен іс-шараны әрі қарай жалғастыруға тілектерін жеткізді.

фото

фото1