УНИВЕРСИТЕТ МАГИСТРАНТЫ «ABAY CHESS OPEN -2022» ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
15.09.2022
Өнер және спорт жоғары мектебінің II курс магистранты Еркежан Қаршығанова Семей қаласында өткен «ABAY CHESS OPEN -2022» жылдам шахмат және блиц бойынша Республикалық турнирінің жеңімпазы атанды.
Сонымен қатар, жаттықтырушы Қаршығанова Еркежанның шәкірттері де балалар санатында шахмат бойынша жүлдегерлер атанды: Тараканова Елизавета (1 орын) және Құлсейітов Нұрасыл (2 орын).
«Abay chess cup-2022» турниріне еліміздің ең мықты шахматшылары, оның ішінде Қазақстан құрамасының мүшелері жиналды. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен барлығы 150 зиялы спортшы қатысты: халықаралық гроссмейстерлер, халықаралық шеберлер, ФИДЕ шеберлері.
Еркежан Қаршығанованың айтуынша, турнир жоғары деңгейде өтті. Шахматшыға турнир кестесінің тығыздығынан ғана емес, 10 жасқа дейінгі категориядағы екінші турнирге өз шәкірттері қатысқандықтан да қиын болды.
«Мен олар үшін екі есе алаңдадым, ал кейбір ойындарда көңіл бөлу қиын болды. Бірақ соңында шәкірттеріммен турнирді тамаша аяқтадық», – дейді Еркежан.
Турнир басында спортшы өзінен сәл әлсіз қарсыластармен кездесіп, оларды жеңу оңай болды. Турнирдің ортасында ол шахмат тақтасында шеберлермен кездескен кезде күрделі күрес басталды. «Бір ойында шеберді ұттым, келесі ойында халықаралық шебер, Қазақстан құрамасының мүшесі Әлішер Сүлейменовпен тартысты ойын өрбіді. Нәтижесінде біз онымен тең түстік», - деді Еркежан.
Жеңімпаздар екі номинация бойынша марапатталды: ерлер және әйелдер арасында. Ерлер арасында бірінші орынды халықаралық гроссмейстер Денис Махнев иеленсе, әйелдер арасында біздің магистрантымыз I-ші орынды иеленді. «Мен жаттықтырушыларым Евгений Владимирович Егоров пен Валентина Степанович Захаровқа мені дайындауға көп уақыты мен бар күш-жігерін жұмсағандары үшін алғыс айтамын», - дейді Еркежан.
Шахматшылар мен олардың жаттықтырушыларын жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге алдағы уақытта да жетістіктер мен жеңістер тілейміз!