Перейти к содержимому страницы.

УНИВЕРСИТЕТ БЕЛСЕНДІСІ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ВИЦЕ-МИСІ АТАНДЫ

21.09.2022

Педагогика жоғары мектебінің 4 курс студенті Айсана Қайруллаева «Павлодар-2022 вице-миссі» атанды. Ол сұлулық байқауының жеңімпазы Елара Нигометтен аз ұпаймен ғана ұтылды. Байқау барысында қатысушылар әртүрлі тілдерде өзін-өзі таныстыру дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

«Мисс Павлодар-2022» сұлулық байқауының финалына 60 үміткердің он қыз ғана шықты.

Айсана Қайруллаева 20 жаста, «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша оқиды.

Айсана өте шығармашыл адам. Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқығанды ұнатады. Қазіргі авторлардың ішінен ақын Анна Егоянның өлеңдерін тыңдағанды ұнатамын. «Маған олардың шығармаларында көрінетін қарапайымдылық пен шынайылық ұнайды. Адамдардың бойындағы дәл осы қасиеттерді бағалаймын», – дейді Айсана.

Айсана жақсы оқиды, университеттің Жастар комитетінің төрағасы ретінде қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Ол өз жұмысында «Лотос» және «Жасыл ел» еріктілерімен тығыз байланыста.
Айсананың тағы бір хоббиі сұлулық пен модельдік саласы болды. Ал 6 жасынан бері әуес болған би оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналған.

I-курста Айсана «Мисс ПМПУ – 2019» атанды. Ал биыл тынымсыз еңбектің арқасында ол «Павлодар аруы-2022» байқауында жақсы нәтижеге қол жеткізді. «Мен ұстаздарымыз бен хореографтарға шыдамдылықтары мен еңбектері үшін алғыс айтамын. Дефилелік сабақтар, би және шешендік курстар өз жемісін берді. Және, әрине, маған жақын адамдарымның сенімі көмектесті», - деді ол.

Айсана ұйымдастырушылар мен демеушілерге сыйлықтар мен сертификаттар үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ әдемі образ жасағаны үшін «Ханым» сұлулық салонына да алғысын айтты.