УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫН ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
28.12.2020
Жаңа жыл – барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып, көңілді отбасылық мерекелердің бірі. Биыл елімізде карантиндік санкцияларға байланысты жаңа жылды ауқымды түрде қарсы алуға тыйым салынған болатын. Мұның өзі ең алдымен ұлт қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралардың алды деп білеміз.
Келе жатқан жаңа жыл қарсаңында университет басшылығы көп жыл бойы Павлодар педагогикалық университетіне еңбегін сіңірген ардагер ұстаздардын құттықтады. Карантин кезінде еркін қозғалуына небір шектеулер қойылған ардагерлерге тәтті сый мен арнайы сыйлық жиынтығы таратылды. Аяз ата мен ақшақар бейнесінде киінген университеттің тәрбие бөлімінің қызметкерлері 32 үйді аралап, әрбір шаңыраққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Баспасөз қызметі