Перейти к содержимому страницы.

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ ОРАЙ МU-ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

15.11.2024

Марғұлан университетінде "Ұлттық валютаның қаржылық қауіпсіздігі" тақырыбында семинар өтті. Шара Қазақстанның ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылды. Семинарға Қаржы және құқық қорғау салаларының жетекші сарапшылары қатысты. Модератор - университет оқытушысы Ақылбек Сәткенов.

Шақырылған қонақтардың қатарында Қазақстан Ұлттық Банкі Павлодар филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімінің бастығы Дихан Тукенов, Forte Bank АҚ басқармасының басшысы Ерсін Тоқмағамбетов және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жанат Ризабек болды.

Семинарға қатысушылар банкноттардың жаңа сериясы, инфляция, Ұлттық Банктің міндеттері мен мақсаттары, сондай-ақ интернет-алаяқтықтан қорғау шаралары сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Киберқылмыспен күресу әдістеріне ерекше назар аударылды. Жанат Ризабек киберқылмыстар бойынша статистиканы ұсынды және осы қатерлердің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Мұндай семинар студенттер арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздікті арттырудағы маңызды қадам болғаны анық.