Перейти к содержимому страницы.

«ҰЛТТЫҚ ҰСТАЗ» АКАДЕМИЯСЫ MU-ДА СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ

17.02.2026

Марғұлан университетінің Құзыреттер және үздіксіз білім беру орталығы базасында Марғұлан университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлының жетекшілігімен университет ұжымы «Ұлттық Ұстаз» онлайн академиясының құрылтайшысы Гульмира Курганбаевамен кездесті.

Аталмыш кездесу аясында лектор, білім беру менеджменті және стратегиялық даму саласындағы сарапшы Гульмира Аманжоловна семинар өткізді.

Шара барысында жаһандық трансформациялар жағдайындағы өзгерістерді басқарудың өзекті мәселелері мен қоғамның дамуына әсері, ұйымдардағы жаңа сын-қатерлерге өзгерту стратегиялары, сондай-ақ көшбасшылық пен топтық жұмыстың рөлі сөз етілді.

Профессор оқытушылар құрамы өзара тәжірибе алмасып, заманауи өзгерістегі оңтайлы тұстарды талқылады.