Перейти к содержимому страницы.

«ҰЛТТЫҚ КИІМ - ЕҢ ӘДЕМІ КИІМ»

16.02.2024

Марғұлан университетінің педагогика жоғары мектебі әр аптаның жұма күнін "Ұлттық киім күні" деп жариялайды. Жоғары мектептің вице-деканы Арай Рахымжанованың сөзінше, бұл бастама келе жатқан Наруыз мерекесіне орай қолға алынған. Ал бүгінгі күні жоғары мектептің барлық оқытушылары мен студенттері өздері бастап, қазақтың ұлттық киімін киіп келген.
-Мақсатымыз - халқымыздың әдемі оюлы шапаны мен қамзолын тек концертте, іс-шарада, немесе жиын тойларда емес, күнделікті жұмысқа да киіп жүруге болатынын дәлелдеу. Себебі, қазіргі күні заманауи стильде тігілген ұлттық киімдер көп. Оларды біз күнделікті киіп дағдылануымыз керек, - дейді ол.
Педагогика жоғары мектебінің ұжымы барлық ұстаздар мен оқытушылардан "Ұлттық киім күні" науқанын қолдауға шақырады.