Перейти к содержимому страницы.

«ҰЛТҚА ҮНДЕУ – КОММУНИКАЦИЯ АРНАСЫ» СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯСЫ

13.10.2022

Бүгін университет белсенділері арасында «Ұлтқа үндеу – коммуникация арнасы» атты стратегиялық сессия өтті.

Жиынға қатысушыларды тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Мақсат Нығманов құттықтап, баршаға жемісті пікірталас тіледі.

Пікірталас барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған еңбек нарығы, білім беру кредиттері, білім саласындағы реформалар сынды өзекті мәселелер қызу талқыланды.

Екі командаға бөлінген белсенділер білімнің қолжетімділігі мен сапасы мәселелерін ерекше қызу талқылады. Олар Мемлекет Басшысының білім беру мекемелері еңбек нарығының нақты сұраныстарына көңіл бөлуі қажет деген сөзін қолдады. Белсенді жастар облыс экономикасының қай саласын бірінші кезекте дамыту керектігін де қызу талқылады.

"Стратегиялық сессия өте қызықты, эмоцияларға толы болды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, Жолдаманың бастамаларын жүзеге асыру бойынша өз ойларын, ұсыныстарын айтып, қорытынды жасады.

Бағдарламалық құжаттың жүзеге асуы халықтың өмірін жақсартады дегенге барлығы бірауыздан қосылды. Қазақстандықтар үшін бұл халықтың әл-ауқатын арттырудың нақты жоспары», – деді «Ақиқат» клубының жетекшісі Жанел Жұмағазы.