«ҰЛПАН» ҚАНДАЙ РОМАН?
03.05.2022
Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананың №5 оқу залында Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша оқырман конференциясы өтті. Оған университет студенттері, М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж оқушылары қатысты. Сондай-ақ, кітапханашылар мен оқытушылар да келді. Конференцияның модераторы – «кБББ-13» тобының студенті Нариза Жұматаева. Конференция қатысушылары «Ұлпан» романының тіл мәдениеті, романда кездесетін мақал-мәтелдер, «Қай кейіпкер ерекше әсер етті?», «Ұлпанның бойынан үлгі алуға бола ма?» деген тақырыптарда пікір алмасты.
«Ұлпан» романы ана туралы, қазақ халқының әйелі, қазақ халқының қыздары туралы жазылған. Яғни, олар 19-шы ғасырда қалай өмір сүргенін анық суреттейді. Ұлпан - өте әсерлі кейіпкер. Соны жазушы оқырман қауымның жүрегіне жетердей әдемі бейнелеген. Осы романды оқып отырып, бұрынғы әйелдердің және қазақтардың ортасы қандай болғанын көруге болады, - дейді филология ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Мұхамбетова.
Шара барысында ППУ өнер және сорт жоғары мектебінің студенті Әлнұр Уахыт «Балбырауын» күйін орындады.