Перейти к содержимому страницы.

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕЛЕРІ КӨЗДІҢ ТЕКСЕРУІНЕН ӨТТІ

02.05.2023

Бүгін Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері мен қызметкерлері көз аурулары бойынша тегін тексеруден өтті. Университетке Astana Vision Pavlodar  көз орталығының мамандары келіп дәріс оқып, студенттер мен қызметкерлерді қабылдады.

Орталықтың медициналық директоры, жоғары білікті дәрігер, лазер хирургі Айжан Ахметова студенттерге “Көз ауруларының алдын алу және күту” тақырыбында лекция оқып, көз күтіміне ерекше мән беруге шақырды.

- Қазіргі таңда көз ауруларымен ауыратын адамдардың қатары артып келеді. Оның басты себебі - қазіргі заманның сұранысына сәйкес күнделікті өмірде гаджедтер мен компьютерді жиі қолдануымызда. Ал біздің көзіміз оған бейімделе алмай жатыр. Бұрын мектеп жасындағы балалардың 20 пайызының көру қабілеті нашарлаған болса, қазір ол 80 пайызға жетті. Қазіргі таңда балалардың үш пайызы мектепке көзілдірікпен барады, - дейді көз дәрігері Айжан Ахметова.

Осы күні орталық мамандар бас корпусқа көздің көруін тексеретін арнайы медициналық құрылғылар орнатып, студенттер мен қызметкерлерді қабылдады. Қабылдау нәтижесі бойынша тегін кеңес беріп, емдегуе қажетті нұсқаулықтар көрсетті.