Перейти к содержимому страницы.

ТУРКИЯДАН КЕЛГЕН ОҚЫТУШЫ MARGULAN УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЛЕКЦИЯ ОҚЫТУДА

17.09.2025

Марғұлан университетінде Түркиядан келген қонақ оқытушы — Мустафа Ресеп Инсар Асар сабақ бере бастады.

Студенттер енді түрік тілін үйреніп қана қоймай, сол елдің мәдениеті мен дәстүрлерімен де танысуда.

Мустафа Ресеп Инсар Асар — Bolu Abant İzzet Baysal University түлегі, түрік тілін шетелдіктерге оқыту саласының маманы.

Өткізіліп жатқан сабақтарға қызығушылық жоғары: оған тек студенттер ғана емес, университет қызметкерлері де қатысуға ниет білдіруде.