Перейти к содержимому страницы.

«ТУҒАН ЖЕР – ТҰНҒАН ҚАЗЫНА» КВЕСТ ОЙЫНЫ

14.04.2023

Жыл сайынғы ғылым онкүндігі аясында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің "Тарих" білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты
Акшулакова Бибігүл Ақсу қаласының тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп "Туған жер - тұнған қазына" атты зияткерлік квест - ойынын өткізді.

Зияткерлік квест - ойынның мақсаты - білім алушылардың музей экспонаттарын пайдалана отырып, қала тарихы туралы ақпаратты өз бетінше зерделеуі, қала мен аймақ тарихына деген сүйіспеншілікті, патриоттық рухты ояту, оқушылардың тарихи санасын дәріптеу және олардың өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Аталған іс - шараға Ақсу қаласының Абай және Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектептердің 8 - сынып оқушылары қатысты. Квест - ойын 7 кезеңнен тұрды: "Ақсу өңірінің тарихы", "Ақсу өңірінің ақын - жазушылары", "Ақсу өңірінің әлеуметтік - экономикалық өмірі", "Ақсу өңірінің атақты адамдары", "Ақсу өңірінің көрікті жерлері", "Ақсу жаңалықтары" және "Музей - рухани шежіре".

Зияткерлік квест - ойын қорытындысы бойынша Абай атындағы орта мектептің 8 сынып оқушыларының командасы жеңіске жетті. Іс-шараның барлық қатысушылары дипломдармен және көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды.