Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР «BILIM ZHANE BOLASHAK» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

08.04.2024

2023 жылдың 15 қарашасы мен 2024 жылдың 30 наурызы аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Khazar University және Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті бірлесіп «Bilim zhane Bolashak» атты екінші халықаралық ғылыми-зерттеу байқауын өткізді. Байқауға Қазақстан Республикасының және алыс-жақын шетелдердің жоғары оқу орын студенттері, орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты.

Конкурс 2022 жылы «East – West: Authority And Pоtential» атты ғылыми журналдар редакторларының Бірінші Еуразиялық форумы аясында құрылған және жыл сайын өткізіледі. Жеңімпаздар мен лауреаттардың жұмыстары ұйымдастыру комитетінің таңдауы бойынша Eurasian Scientific and Methodological Journal “East-West” жариялануы мүмкін. Байқаудың мақсаты – қазіргі студенттердің, магистранттардың, оқытушылар мен профессорлардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, зерттеушілік қасиеттерін ашу болды. Халықаралық байқау 3 кезең бойынша өтті.

Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Информатика» білім бағдарламасының 3 курс студенттері қатысып, ғылыми жұмыстарын ұсынды. Ғылыми жетекшісі – «Информатика» ББ сарапшы оқытушысы, п.ғ.д. Сайфурова Индира Орымбаевна.

Байқаудың қорытындысы бойынша Марғұлан университетінің студенттері жүлделі орындарға ие болды:

  • «Информатика» секциясында 1 орынды «Информатика» ББ 3-курс студенті Адамов Ильяс,
  • «Информатика» секциясында 3 орынды «Информатика» ББ 3-курс студенті Кенжебекова Ақерке,
  • «Педагогика және әдістеме» секциясында 2 орынды «Информатика» ББ 3-курс студенті Сансызбай Нұрай иеленді.

Студенттерімізді құттықтай отырып, алдағы уақытта да табыс тілейміз!