Перейти к содержимому страницы.

БОКСТАН Т.К.ШАЯХМЕТОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХІІІ ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ

23.05.2022

Павлодар педагогикалық университетінде бокстан ППУ-дың алғашқы ректоры Т.К.Шаяхметовті еске алуға арналған дәстүрлі ХІІІ турнир өз мәресіне жетті. Студенттер арасында өткен байрақты бәсекеге 9 салмақ дәрежесі бойынша 60-тан астам спортшы қатысты.

- Турнирге 52,56,60,64,69,71,75,81, +91 салмақтар бойынша 60-тан астам боксшы қатысты. Олар Екібастұз, Ақсу, Торайғыров университеті, «Гренада», «Қайсар», «Толағай» және Павлодар педагогикалық университеті командалары. Жарыс барысында ауыр жарақат алғандары жоқ. Турнир жоғары деңгейде өтті. Боксшылар жоғары дайындықпен келіпті, - деді Павлодар педагогикалық университеті спорт клубының төрағасы Равкат Авазбакиев.

Турнир қорытындысы бойынша, командалық есепте Павлодар педагогикалық университетінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орныды «Гренада» спорт клубы еншілесе, үшінші орын Торайғыров университетінің қоржынында.

Сонымен қатар, ППУ-дың Махшар Құлжабек, Абдкариов Ерасыл, Абдулла Ернар, Тілек Еламан сынды студенттері жеңіс тұғырынан көрініп, алтыннан алқа тағынды. Ал күміс медальға Орын Ерзат, Қасымов Арман,Мұхтар Олжас сынды боксшылар қол жеткізді. Қабылқайыров Әлішер турнирдің күміс медалін еншіледі.

Павлодар педагогикалық университетінің командасы жазғы уақытта болатын Қазақстан чепионатына дайындалуда.