"Тәуелсіздіктің ұрпақтары: Мен жастарға сенемін!"
13.12.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Павлодар педагогикалық университетінің қабырғасында "Тәуелсіздіктің ұрпақтары: Мен жастарға сенемін!» облыстық жастар форумы өтті.
Ауқымды форумның мақсаттары мен міндеттері: студенттік өзін-өзі басқару мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдарын іздеу үшін Павлодар Ертіс өңірінің белсенді жастары күштерін шоғырландыру, жастар бастамаларын дамыту, көшбасшылар үшін пікірталас алаңын құру, студенттерді студенттік өзін-өзі басқаруға тарту.
Форум барысында Павлодар педагогикалық университетінің, Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің, Торайғыров университетінің, Инновациялық Еуразия университетінің ең белсенді және мақсаткер студенттері білім беру саласындағы жастар саясатын дамыту бойынша өз пайымдарын ұсынды, проблемалар мен шешу жолдарын атап өтті. Ашық диалог алаңында көшбасшылар өз идеяларымен, жобаларымен және бірлескен жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Облыстық форумның басты спикерлері Павлодар облысының "Birgemiz" волонтерлік аймақтық фронт кеңсесінің басшысы-Еркебулан Күнтуған, Павлодар облысының "Нұр Отан" партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрайымы Жүсіпова Санира Орынтайқызы болды.
Еркебұлан Күнтуғанның пікірінше, Павлодар педагогикалық университетінде ұйымдастырылған "Тәуелсіздіктің ұрпақтары: Мен жастарға сенемін!" шара аймақтағы білім беру саласындағы студенттік өзін-өзі басқару және жастар саясатын дамытуда өте маңызды рөл атқарды. Қазіргі уақытта әр оқу орнында студенттік өзін-өзі басқарудың өзіндік формасы бар. Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасы бойынша еліміздің барлық жоғары оқу орындарында студенттік өзін-өзі басқаруды стандарттау орындалуда. Егер бұрын әрбір оқу орны "өз шырынында пісірілген" болса, қазір олар тәжірибе алмасу үшін біріктіріледі. "Бұл форумның маңыздылығы Павлодар педагогикалық университетінің жастар қозғалысы көшбасшыларының арасында байланыстырушы рөл атқаруында, мұнда пікірталас алаңы құрылды, онда студенттер бір - бірін тыңдап, өздерінің ортақ мәселелерін талқылап, қызықты жастар жобаларын іске асыру үшін жаңа идеялармен бөлісті", - деді Еркебұлан Күнтуған.
"Тәуелсіздіктің ұрпақтары: Мен жастарға сенемін!" облыстық жастар форумының қорытындысы бойынша аймақ жастарына арналған қарар қабылданады.