ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА!
14.12.2021
Павлодар педагогикалық университетінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған айтулы шара өткізілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойын мерекелеу қарсаңында павлодар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» ойын-сауық орталығында салтанатты шара өтті. Мерекелік кеш аясында білім саласының дамуына қосқан елеулі әрі өлшеусіз үлестері үшін бірқатар қызметкерлер мен оқытушылық құрам марапатталды.
Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректоры Жанбол Жилбаев қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ғасырлық арманын іске асырған, халқымызға еркіндік пен теңдік, ынтымақтастық пен бірлік әкелген баға жетпес сый екенін атап өтті.
Жанбол Октябрович Білім және ғылым саласы тәуелсіз елдің дамуы мен өркендеуі жолында үлкен орын алатынын еске салды. "Жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейі мұғалімдердің дайындығына байланысты. Еліміздің барлық өңірлері үшін педагогикалық кадрлар ұстаханасы болып табылатын біздің Павлодар педагогикалық университеті Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуда. Бұл ЖОО-ның профессорлық - оқытушылық құрамының барлық ұрпақтарының еңбегі", - екендігін тілге тиек етті.
Салтанатты кеш барысында ректор Жанбол Жилбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай үздік қызметкерлерге ғылым мен білім саласындағы жетістіктері, Білім беру және ғылыми қызметті дамыту, болашақ педагогтарды тәрбиелеу ісіне қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамоталарын тапсырды.
Тәуелсіз Қазақстанның рухани-қоғамдық даму жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Кәрімова мен Өнер және спорт жоғары мектебінің сарапшы оқытушысы Жанна Антихович Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың алғыс хатымен марапатталды.
Қалалық әдістемелік қызметпен бірлескен қызметтегі жоғары кәсібилігі мен шығармашылық көзқарасы үшін Өнер және спорт жоғары мектебінің профессоры Елена Личман, Педагогика жоғары мектебінің доценті Нұрлан Омаров және Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің оқытушы-сарапшысы Гүлбаршын Нұрғазинова Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін Павлодар қаласы білім бөлімінің басшысы Самал Айтқазинаның Құрмет грамотасымен марапатталды.
Педагогика жоғары мектебінің профессоры Маржан Кененбаева, Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценті Роза Мұқанова, Жоғары өнер және спорт мектебінің оқытушы-сарапшысы Ольга Чернышова, Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің оқытушы-сарапшысы Татьяна Гаврилова қалалық әдістемелік қызметпен бірлескен іс-шараларда жоғары кәсібилік пен шығармашылық көзқарасы үшін Павлодар қаласы білім бөлімінің басшысы Самал Айтқазинаның Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры Бекен Сағындыұлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Қазақ тілі мен әдебиеті форумына белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
Көп жылғы адал еңбегі үшін Павлодар облысы әкімінің Әбілқайыр Сқақовтың Құрмет грамотасымен Жоғары өнер және спорт мектебінің сарапшы оқытушысы Әсемгүл Төлекова, оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері Дәметкен Әбдірахманова, Гуманитарлық ғылымдар мектебінің аға оқытушысы Әлия Жолдабаева, Гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканы Ботагоз Нұрмағанбетова, Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценты Руслан Асылбаев марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай болашақ ұстаздарды оқыту мен тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректоры Жанбол Жылбаевтың Құрмет грамотасы университет ардагерлері, Ақылдастар алқасы мүшелері
Педагогика жоғары мектебінің профессоры Әйгерім Нұрғалиева, п.ғ.д., Өнер және спорт жоғары мектебінің профессоры Мәнсия Алинова, ф.ғ.д., жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің профессоры Бақтияр Найманов, биология ғылымдарының докторы, профессор Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі Қайырбай Базарбеков, философия ғылымдарының докторы, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Зифа Темірғазина, Педагогика жоғары мектебінің доценті Назымгүл Әсенова, Студенттер үйінің меңгерушісі Жұмабике Шәпкеноваларға табыс етілді.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім саласына педагогикалық кадрларды даярлауға қосқан ерекше үлесі үшін 30 оқытушы мен қызметкер Павлодар педагогикалық университеті ректорының Құрмет грамотасымен марапатталды. Олар:
Евгений Кольев, Зият Айткенов, Гүлсім Аяпбергенова, Рахила Сеитова, Алмас Кенжеғалин, Рюдзи Божаканов, Евгения Саквина, Мадина Құсманова, Джамиля Жексенова, Жаңыл Ксентаева, Ерболат Асылбеков, Абзал Абдоллаев, Дариға Мұқашева, Диана Рахметова, Фатима Мусина, Гүлнара Қарасартова, Роза Жаева, Светлана Федотова, Лаура Ахметова, Жаслан Ұзықанов, Игорь Козлов.
Айта кетерлігі, ректордың құрмет грамотасымен марапатталғандар қатарында Тәуелсіздігіміздің құрдастары да болды. Бұл Павлодар педагогикалық университетінің дамуына да үлес қосып жүрген университеттің докторанттары Ақбота Бөтенова мен Саят Жүсіпбаев.
Салтанатты марапаттау рәсімінің соңы студент жастар ұйымдастырған мерекелік концерке ұласты. Сонымен қатар, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан сыр шертетін театрландырылған көріністер де көзіқарақты көрермен назарына ұсынылды. Күміс көмей әншілер ән айтып, күйшілер домбыраны күмбірлете күй төкті. Ал, жиналғандардың қуанышында шек жоқ. Сахна саңлақтарына шапалақпен шапан жауып, барынша қолдау білдірді. Кеш қонақтары «Азаттықтың ақ туы құламасын» - деп тарқасты!