"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ" ТАРИХ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
18.02.2021
17 ақпан күні ППУ-дың Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тарих сағаты өткізілді. Шара барысында ҚР Тәуелсіздігіне арналған көптеген ақын-жазушылардың шығармалары: Шерхан Мұртазаның публицистикалық жинағынан – «Тәуелсіздік біреу», Хафиз Қайролланың Көк тілер жыр жинағынан – «Тәуелсіздік тағылымы», Тұрғанбек Қанаевтың – «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты өлеңдері оқылды. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің 1 курс студенті Мейірбек Гүлгина «Тәуелсіздік тартуым» атты өзі шығарған өлеңін оқып, шығармашылық өнерін паш етті.
Университет кітапханасы қызметкерлері тұрғысынан өткізіліп тұратын осындай шаралар студенттердің кітап оқуға, көркем әдебиетке деген қызығушылығын оятып қана қоймай, студенттердің жеке шығармашылық өнерін, қоғам алдында сөйлеу мәнері мен мәдениетін шыңдайды.
Шара шеңберінде Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде көркем әдебиеттер, оқулықтар және «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы көрсетілді.
ППУ Баспасөз қызметі