Перейти к содержимому страницы.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

05.05.2020

Құрметті достар!

2020 жылғы 28-30 сәуір аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Республикалық студенттік пәндік онлайн-олимпиада өтті. Олимпиаданың бағдарламасы 3 турдан тұрды: орыс тілінен жазбаша тур, әдебиеттен жазбаша тур және «Визитка» шығармашылық конкурсы. Онлайн-олимпиадаға «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері Белоусова Евгения, Яцык Алёна және Әшімова Тәттігүл қатысты.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің командасы жалпы есепте  командалық 3-орынды иеленді.

Жүлдеге ие болған студенттер мен олардың жетістікке жетуіне үлес қосқан жетекшілерін құттықтаймыз!

 kaz2

kaz3