Перейти к содержимому страницы.

ТІРЕК МЕКТЕПТЕРІНДЕ - ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ІСТЕР!

11.02.2022

Ректор Жанбол Октябрович Жилбаев бастаған Павлодар педагогикалық университетінің ұстаздары Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында болды.

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының директоры Рахымжанова Армангүл Сартайқызы қонақтарды жылы лебізімен қарсы алып, заманауи құрал-жабдықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталған оқу кабинеттеріме экскурсия жүргізіп, білім ошағындағы инновациялық іс-шараларға тоқталды.

Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы мектеп-интернаты педагогикалық университеттің тірек мектептерінің бірі. Мұнда STEM білім беру, математика, физика, информатика салаларында бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Айта кету керек, мектеп мұғалімдерінің 90 пайызы Павлодар педагогикалық университетінің түлектері.

Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаев өз сөзінде 2021 жылдың қазан айында Мемлекет басшысы ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойған. Сондай жобалардың бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы. Бұл жобаның аясында зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілінің дамуына жағдай жасау, жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу секілді мәселелер қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасы бойынша Павлодар педагогикалық университеті өңірдің белді мектептерімен белсенді жұмыс істеп, ұстаздық мамандыққа мықты талапкерлерді тартуда. 2021 жылы университет Павлодар облысының білім басқармасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бүгінгі таңда облыстағы үздік гимназиялар мен лицейлерді қамтитын 13 үздік мектеп университет ұжымымен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Тәлімгерлік, ғылыми жобалармен жұмыс жасау, үйірмелер өткізу, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету сияқты жұмыс бағыттары басымдықтар болып табылады.

«Біз "Мектеп -ЖОО" ынтымақтастық байланысын белсенді түрде дамытып келеміз, осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарып жатырмыз. Студенттеріміз сапалы білім берудің сабақтастығын сақтау мақсатында озық ұстаздармен тәжірибеден өтіп, озық тәжірибелерді қабылдайды. Болашақта ұстаз болатын шәкірттерімізді даярлайтын алаңға айналған облыстағы үздік мектептер мен лицейлердің бізге қолдау көрсеткеніне қуаныштымын», - деді Жанбол Октябрович.

Сапар барысында лицей-интернаттың ұстаздары мен түлектерінің қатысуымен «Сіздің болашақ табысыңыздың кілті» атты кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор О.К.Андрющенко, Кәсіптік бағдар беру бөлімінің меңгерушісі, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Г.М.Мусанова, Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананың директоры Р.Е.Игібаева, «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасының меңгерушісі , ф.ғ.к. Е.Б.Шақаман, «Шетел тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі А.С.Жолдабаева студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оқуға қабылдау, оқу, шәкіртақы, гранттық қаржыландыру мәселелерін түсіндірді.