ТРАНСМӘДЕНИ ӘДЕБИЕТ БОЙЫНША СЕМИНАР
30.05.2025
Әлкей Марғұлан атындағы университетте “Жоғары, орта және кәсіби білім беру жүйесінде трансмәдени әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздері” тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарға орта және кәсіби білім беру саласындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, оқытушылар, магистранттар мен студенттер қатысты.
Семинар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылды: AP23487222 «Қазақстанның трансмәдени әдебиеті — әлемдік әдеби мейнстримнің бір бөлігі ретінде».
Семинар барысында қатысушылар университет пен мектеп бағдарламаларында трансмәдени әдебиетті оқыту тәсілдерін, әдістері мен тәжірибелерін талқылады. Бұл бағыт – оқушылардың мәдениетаралық құзыреттілігін, сыни ойлауын және әдеби мәтіндер арқылы мәдени көзқарастардың алуан түрлілігін қабылдау қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Семинарда жоба орындаушылары – Андрющенко О., Абзулдинова Г., Гаранина Е. және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері – Иванова В.А. (М. Жүсіп атындағы орта мектеп), Валова М.В. (№3 дарынды балаларға арналған гимназия), Морозова М.А. (Павлодар химия-технологиялық колледжі) баяндама жасады.
Семинар қорытындысы бойынша арнайы резолюция қабылданып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жобаның жетекшісі Андрющенко О. трансмәдени әдебиетті терең түсінуге және оны жоғары, орта және кәсіби білім беру жүйесінде оқытудың әдіснамалық негіздерін талдауға жиналған әріптестеріне, серіктестеріне және спикерлерге алғыс білдірді.