Тоғызқұмалақтан Универсиаданың «күмісі» ППУ еншісінде
31.05.2021
Қазақстанның рухани астанасы - Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған XI-жазғы Универсиада ойындары жалғасуда.
25-30 мамыр аралығында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан өткен жарыста ППУ спортшылары Универсиаданың алтын, күміс, қоласын бірдей еншіледі. Атап өтсек, жеке есепте Керейбаев Ринат - I орын, Абдыханова Аружан, Кожахметова Айымгуль - ІІ орын, ал Нұрмұхамбет Мақпал мен Файзулла Ахан- ІІІ орынды иеленді.
Командалық есепте спортшыларымыз ерлер және әйелдер арасында жалпыкомандалық ІІ орынды қанжығаларына байлады.
Спортшыларымызды сенімді жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!