ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ
14.11.2024
«Ресей империясының Солтүстік-Шығыс Қазақстанда ресми саясатын қалыптастыру және іске асыру бағытындағы Сібір комитетінің қызметі: деректерді талдау және контекст» фундаменталды ғылыми жобаның зерттеушілер тобының ғылыми қызметкері Қасқабасова Алтынгуль Абаевна 2024 жылдың 13 қараша айында Торайғыров университетінің студенттеріне көпшілік дәріс өткізді.
Студенттер ХІХ ғасыр бірінші жартысында патшалық Ресейдің қазақ даласын басқару бағыттарын іске асырған Сібір комитетінің қызметімен таныстырды.
Дәріс барысында зерттеу мәселесі тақырыбына сай Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатында (Санкт-Петербург қаласы) табылған құжаттарға шолу жасалып, отан тарихының шамалы зерттелген оқиғаларын анықтау үшін маңызы анықталды.