ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН
15.05.2025
2025 жылы 10-14 мамыр аралығында Түркістан қаласында тоғызқұмалақтан XIII жазғы Универсиада жарыстары өтті.
Байрақты бәсекеге еліміздің, 65-тен астам жоғары оқу орнынан командалар қатысты. Аталған жарыста Әлкей Марғұлан атындағы университетінің құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, командалық есепте II орынды иеленді.
Ал жекелей сында Ерасыл Ауталипов алтын медаль иеленіп, І орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздарды ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы құттықтады.