"ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ-2023" АТАҒЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
26.05.2023
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің "Химия-Биология" білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Рината Қалиева "ТМД-ның үздік студенті-2023" байқауының жеңімпазы атанды. Ғылыми жетекшісі жаратылыстану жоғарғы мектебінің қауымдастырылған профессоры, х.ғ.к. Мұқанова Роза Жұмкенқызы.
Рината Қалиева I дәрежелі диплом иегері атанды және білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін "ТМД-ның үздік студенті-2023" төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жобаға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. елдердің жас ғалымдары мен студенттері қатысты. Бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайта отырып, ғылымды дамыту бағытындағы біріктіруші алаң болды. Қатысушыларға "ТМД үздік студенті" жинағы, "Үздік студент" арнайы төсбелгісі, еңбегі туралы куәлік және I, II, III дәрежелі дипломдар табыс етілді. Сондай-ақ кітаптың электронды нұсқасы берілді.
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде оқи отырып, Рината Қалиева 1 курсынан бастап ғылыми және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады. Ол өзінің ғылыми жетекшісі Р.Ж.Мұқановамен бірге педагогикалық салада белсенді ғылыми-зерттеу қызметін жүргізеді.
Рината "Margulan University" академиялық мәселелер жөніндегі проректоры ОльгаАндрющенкоға қолдауы көрсетіп, мен мотивация бергені үшін алғысын білдіреді.
Марғұлан университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко студентке марапатты табыс етті. «Біз студенттердің ғылымға және қоғамдық іс-әрекетке деген қызығушылығын қолдаймыз. Интегралды GPA бағдарламасын пилоттық енгізу жылы аяқталып келеді, сондықтан студенттеріміздің жетістігін, олардың кәсіби құзыреттіліктері мен зерттеу дағдыларын дамытуға және жетілдіруге деген шынайы қызығушылықтары үшін қуаныштымыз», - деді Ольга Константиновна.