Тілдер апталығының салтанатты жабылуы
16.10.2021
Павлодар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тілдер апталығы» аяқталды. Іс-шараны гуманитарлық жоғары мектебінің «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының оқытушылары ұйымдастырды.
Тілдер апталығы аясында білім беру бағдарламасы мұғалімдері әр түрлі елдердің шет тілдері мен мәдениеттерін үйренуге деген студенттердің қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған байқаулар мен конкурстар өткізді.
Іс-шаралар ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау, әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерделеудің тәрбиелік әсерін кеңейту, студенттердің әр түрлі тілде сөйлесу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
«Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Әлия Жолдабаеваның айтуынша, Тілдер апталығы салтанатты ашылудан басталды. Күн сайын мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен әр түрлі іс-шаралар өткізілді. Сейсенбіде тілдік емес мамандықтардың студенттері үшін мұғалімдер ағылшын тілінде «Брейн-ринг» ойынын өткізді. Ал қытай тілінің мұғалімі Руслан Табынбаев иероглифтер бойынша қызықты мастер-класс ұйымдастырды. Мастер-класста студенттер, оқытушылар мен университет қызметкерлері қытай әріптерін жазуда өздерін сынап көрді, қытай халқының мәдениеті туралы көп білді.
«Тілдер апталығы қонақтар мен қатысушылар үшін нағыз мәдени калейдоскоп тәріздес қызықты, мазмұнды және мағыналы өтті», - дейді Әлия Сәдуқызы.
Тілдер апталығының қорытындысы бойынша әр түрлі байқаулардан жүлделі орын алған студенттерді марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында жоғары оқу орындарының дарынды студенттері әр түрлі тілдерде қызықты концерттік нөмірлер көрсетті.