Перейти к содержимому страницы.

MARGULAN UNIVERSITY «ТЕЗ ӨЗГЕРЕТІН ӘЛЕМДЕГІ МАНСАПҚА ЖАҢА КӨЗҚАРАС» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

24.05.2023

Азия-Тынық мұхиты мансаптық даму қауымдастығы APCDA 2023 (Asia Pacific Career Development Association) Қазақстанда Астана қаласында 16-19 мамыр аралығында Nazarbayev University мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының және KIMEP University мансап орталығы мен Корпоративтік даму департаментінің қолдауымен шетелдік тәжірибе сонымен, жергілікті тәжірибе ретінде үздік тәжірибелерді көрсете отырып, гибридті халықаралық конференция өткізді. Аудитория көптеген Азия елдері мен аймақтарынан, сондай-ақ АҚШ пен Канададан келген делегаттардан тұрды. Конференцияны APCDA Президенті Момоко Асака ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, Nazarbayev University президенті Шигео Катсудың, Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Даирова Кадишаның, академиялық істер жөніндегі вице-провост доктор Лоретта о' Доннеллдің қатысуымен ашты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Қазақстан және болашақ трендтері" тақырыбында баяндама жасап, өз сөзінде бұл мансап саласындағы мамандар үшін міндетті іс-шара екенін атап өтті.

APCDA Азия-Тынық мұхиты аймағында жұмыс істейтін немесе қызығушылық танытатын мансаптық мамандарды біріктіреді және Азия-Тынық мұхиты аймағында тиімді идеялармен, зерттеулермен және мансаптық тәжірибелермен алмасу үшін жаһандық форум ұсынады. Конференция қарым-қатынас жасауға, тәжірибелер арасында ақпарат алмасуға және жаңа ресурстарды анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл APCDA конференциясы сарапшылар мен қатысушыларға мансаптық дамудың негізгі мәселелерін талқылау үшін пайдалы алаң ұсынды. Осы іс-шара барысында біз өзекті мәселелерді шешуге өз көзқарастарымызбен танысып, алмастық. Қазақстанның жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының қауымдастығын құру идеясын қолдаймыз. Мансап орталықтары арасында табысты ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл тілейміз - деп атап өтті Margulan University Мансап орталығының басшысы Майра Байтанаева.