Терроризм актілерін жасау немесе жасау қатері төнген кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28.05.2021
Павлодар педагогикалық университетінде "Терроризм актілерін жасау немесе қауіп-қатер кезінде азаматтардың іс-қимыл жасау тәртібі" атты онлайн семинары өтті. Спикер ретінде онлайн эфирге полковник, терроризмге қарсы орталығының басшысы Олег Николаевич Черепанов пен полиция подполковнигі, аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілі Асхат Серікұлы Махметов қатысты.
Қазіргі уақытта терроризм әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың ең қауіпті қатерлерінің бірі болып табылады. ТМД елдерінің халқы осы жайтқа куә болуда. Норд-Ост, Беслан, Буденновск және Қазандағы Кизляр трагедиялары – террорды ұйымдастырушылар мен оған көмектесушілердің адамгершілікке жатпайтын әрекеттері мен қатыгездігінің айқын дәлелі.
- Бүгін лаңкестердің құрбандары болып бірінші кезекте бейбіт адамдар зардап шегуде. Көбінесе олар лаңкестік әрекет немесе террористік шабуыл кезінде өзін қалай ұстау керектігін білмейді. Студенттермен бірге өткізілетін мұндай шаралар тиісті адамдардан толық ақпарат алуға, террористік көріністердің қаупі туған жағдайда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде бірден шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді, - дейді ППУ-дың тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорының м.а. Ольга Андрющенко.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері студенттерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беріп, террорлық шабуыл кезінде, теракт салдарында, немесе басқа да экстремалды жағдай кезіндегі мінез-құлық қағидалары туралы нақты кеңестер берді.