Перейти к содержимому страницы.

ТҮРКИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӨНІНДЕ ДӘРІС ОҚЫП ЖАТЫР

11.12.2023

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Түркия жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс артып келеді. Оған екі ел оқу орындары арасындағы маңызды ынтымақтастық келісімдер арқылы қол жеткізіп отыр. Жақында Марғұлан университетіне Токат Газиосманпаша университеті (Түркия) тарих факультетінің деканы, профессор, философия ғылымдарының докторы Alpaslan Demir және педагогика ғылымдарының PhD докторы Murat Akdag іс-сапаррмен келді. Түрік профессорлары Марғұлан университеті «Тарих» және «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына және докторанттарына дәріс оқиды. Атап айтқанда, біздің білім алушылар шетелдік ғалымдардан Осман империясының тарихы мен түркі халықтарының өткені туралы маңызды мәліметтер алатын болады. Себебі, түбі бір туысқан елдердің тарихын оқу, оны Қазақ елінің тарихымен ұштастыру бүгінгі ұрпақ үшін айрықша маңызға ие. Сонымен қатар, Түркия

Республикасының заманауи білім беру жүйесімен де таныстырады.

Еске салайық, осы жылы қараша айының басында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Түркия еліне арнайы юарып, Тоқат Газиосманпаша мемлекеттік университетінің басшылығымен «Тарих» және «Шетел тілі» мамандықтары бойынша қос дипломды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол қойды.

Шетелдік профессорлардың сабақтары біздің студенттер үшін ақпараттық және педагогикалық тұрғыдан өте маңызды екенін атап өткен жөн. Осы сабақ барысында алған білімдерін болашақ ұстаздар мектепте ғана емес, ғылыми-зерттеу іс-әрекетінде де пайдалануға болады.