ТҮРКИЯДАН КЕЛГЕН ПРОФЕССОР СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚЫТУШЫЛАРҒА ARCGIS-ТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ТҮСІНДІРДІ
31.05.2024
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетіне Түркия мемлекеті Токат Газиосманпаша университетінің профессоры, PhD Hakan Mete Doğan келіп, «География және химия» білім беру бағдарламасында студенттері мен оқытушыларына арнап дәрістер мен семинарлар өткізді. Оқыту семинары барысында практикалық және теориялық сабақтар болды. Әрбір теориялық дәрістен кейін практикалық жаттығулар өткізілді. Бұл қатысушыларға алған білімдерін бірден қолдануға мүмкіндік берді деуге болады. Тапсырмаларды орындау үшін қатысушылардың іс-әрекеттеріне сәйкес келетін нақты деректер пайдаланылды. Соған орай студенттер және оқытушылар ArcGIS-тің негізгі және жетілдірілген функцияларын сәтті игерді, бұған қорытынды тест нәтижелері мен орындалған жобалар дәлел бола алады. Соңғы жоба аясында қатысушылар өз карталарын әзірледі, кеңістіктік талдау жасады және алған дағдыларын көрсете отырып, жұмыс нәтижелерін ұсынды.
Болашақта ArcGIS қолжетімділігін тереңірек зерттеу және практикалық дағдыларды кеңейту үшін оқуды жалғастыру ұсынылады. Сонымен қатар профессор зерттеу жұмыстарына кеңестер берді. Зерттеушілерге өзекті және маңызды тақырыптар таңдау жөнінде ұсыныстар айтты. Ол ғылыми-зерттеу жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің ғылыми қызметі үшін алынған ақпараттың пайдалы болғанын атап өтті. Көптеген оқытушылар тақырыптарды егжей-тегжейлі жариялағаны және практикалық мысалдар келтіргені үшін, сондай-ақ өз сұрақтарын тәжірибелі әріптестермен және сарапшылармен талқылау мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.