Перейти к содержимому страницы.

ТҮРКИЯДАҒЫ НАУРЫЗ

23.03.2026

АРУЖАН БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

 «Ағылшын тілі және медиадидактика» БББ магистранты

 Мен қосдипломды білім бағдарламасы бойынша оқу және тәжірибе алмасу мақсатында Токат қаласындағы Газиосманпаша университетіне келдім. 

«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші, адам жырақта жүргенде ғана туған жерінің қадірін түсінеді. Дәл осы жерде өз Отанымa деген сүйіспеншілік сезімін тереңірек сезіне бастадым. Шетелдік студенттермен және оқытушылармен қарым-қатынас барысында мен Қазақстанның бірегейлігі туралы мақтанышпен айтып жеткізудемін.

Түркияда да Наурыз мерекесі атап өтіледі, алайда оның өзіндік ерекшеліктері бар. Мен үшін қазақ халқының Наурызды тойлау дәстүрі жүрегіме ыстық, себебі ол азаматтық сезіммен, отбасылық құндылықтармен және ұлттық дәстүрлермен тығыз байланысты.