Перейти к содержимому страницы.

ТӨМЕНГІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕН ОРАЛДЫ

30.01.2023

Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 1,2 курс студенттері үшін оқу басталды. Оқу бөлімі мамандарының хабарлауынша, 3 және 4 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибеден өтуі жалғасуда. 3 курс студенттері сабаққа 13 ақпаннан бастап келсе, 4 курс студенттері оқу жылының соңына дейін практикада болЫп, одан кейін диплом қорғауға дайындалады.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Кәрімованың сөзінше, аталған жоғары мектеп стдуденттері үшін педагогикалық тәжірибе сәтті өткен.

-Студенттер тәжірибеден өте көңілді оралды. Яғни, кейбір студенттердің балалармен жұмыс жасауы алғаш рет болса да оларға ұнады. Біздің студенттер барлық деңгейлі мектептерге барды. Қарапайым орта мектептерде және тереңдетілген гимназия мектептерінде жұмыс істеп, өздерін жақсы жағынан көрсетіп келді. Құжат бойынша ешқандай артық мәселе болған жоқ, барлығын уақытында тапсырды, - дейді ол.

Алдағы уақытта студенттердің педагогикалық тәжірибесі бойынша арнайы конференция ұйымдастырылып, нақты нәтижесі шығарылатын болады.